+7 (7172) 26-63-47

20 06 2018 1

Осы жексенбі 24 маусым күні Астана қаласында елорданың 20 жылдығына орай «Астана-Дуатлон 2018» жарысы өтеді. «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана Триатлон федерациясымен бірлесіп «Астана-Дулатон 2018» жарысын өткізеді. Жарысқа 16 жастан жоғары барлық қатысушылар қатыса алады. 

«Астана-Дуатлон 2018»  жарысына  қатысқысы келетіндердің барлығы http://triathlonastana.kz/competition/astana_duatlon_201824_06_2018  сайтына кіріп тіркелулеріңізге болады.

Жарыс  үш кезеңнен тұрады: алдымен қатысушылар 5 шақырымдық жүгіреді, содан кейін оларды 20 шақырымдық веложарыс күтеді, соңғы кезеңде тағы 2,5 шақырымға жүгіреді. Барлық қашықтық 27,5 км құрайды.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әр жас санатының жеңімпаздары 1, 2, 3 орындар үшін сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен сонымен қатар «Астана-Дуатлон 2018» жарысына қатысқаны үшін барлық қатысушылар медальдармен марапатталады. Жарыс соңында лотерея билеттері бойынша сыйлықтар ұтысы ойнатылады, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен (велосипедтермен) марапатталады. Сонымен қатар «Астана-Дуатлон 2018» жарысының демеушілері бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ 

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/

#Астанаспортивная#Астана#АсетИсекешев#Казахстан#astana_akimat#СпорттықАстана#Астана #АсетИсекешев

 

20 06 2018 2