+7 (7172) 26-63-47

footballprew

22 шілде күні көлік қызметкрелері күніне арналған спартакиада аясында Қ.Мұңайипасов атындағы стадионда шағын футболдан жарыс өтіп, 84 адам қатыстыТурнирдің ашылу салтанатында Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов сөз сөйлеп,барлық қатысушыларды кәсіби меркесімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Турнирге 7 команда қатысты, жеребе тастау бойынша екі топ:А және В топтарына бөлінді, А тобы: «№7 Автобус паркі»ЖШС, «Еcіл – Астана»МКҚК, «№3 Автобус паркі Sk»ЖШС, «LRT құрылысы бойынша дирекция». В тобына 3 команда: «№2 Автобус паркі»ЖШС, «Жорға МТ»ЖШС және «№1 Автобус паркі»ЖШС енді.

Жартылай финалға шығу үшін ойындар үш алаңда біруақытта өткізілді. Жартылай финалға 4 команда өтті: «№2 Автобус паркі»ЖШС және «№3 Автобус паркі Sk»ЖШС ойнап 4:0 есебімен  «№2 Автобус паркі»ЖШС жеңіске жетті. «Жорға МТ»ЖШС және «LRT құрылысы бойынша дирекция» ойыны 3.5 есебімен, «LRT құрылысы бойынша дирекция» пайдасына шешілді.

Сонымен, үшінші орынды «Жорға МТ»ЖШС, 4:8есебімен «№3 Автобус паркі Sk»ЖШС-ті жеңіп алды. Финалға шыққан «№2 Автобус паркі»ЖШС және «LRT құрылысы бойынша дирекция» ойыны 2:0 есебімен «№2 Автобус паркі»ЖШС пайдасына шешілді. Турнир күмісі «LRT құрылысы бойынша дирекциясына» бұйырды.

Жарыс қорытындысы

1 орын – «№2 Автобус паркі»ЖШС

2 орын – «LRT құрылысы бойынша дирекция» ЖШС

3 орын – «Жорға МТ»ЖШС

Жарыс аяқталған соң жеңімпаздар кубоктармен, үздік ойыншылар құрмет грамоталарымен марапатталды. Үздік қақпашы Аманжолов Бекзат(«№3 Автобус паркі Sk»ЖШС), үздік шабуылшы Токжанов Нурбол («LRT құрылысы бойынша дирекция»),үздік қорғаушы Эгиев Ахмет («№2 Автобус паркі»ЖШС)атанды.

Ұйымдастырушылары- Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ,«Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ

Спартакиада суреттерін : волейбол, үстел теннисі, футбол спартакиадаларын мына сілтеме арқылы көріп,жүктей аласыздар: https://cloud.mail.ru/public/8UqD/Ek1ZCeWrC