+7 (7172) 26-63-47

2018 жылғы 21-24 маусым аралығында Астанада алғаш рет  қазіргі бессайыстан Әлем Кубогінің финалы өтеді. Бұл сайысты Халықаралық қазіргі бессайыс одағы (UIPM) мен Қазақстан қазіргі бессайыс федерациясы ұйымдастырып отыр.

Сайыстың ақтық кезеңіне халықаралық рейтингке енген ең мықты спортшылар, атап айтқанда ерлер арасынан 36 және әйелдер арасынан 36 спортшы іріктелді. 25 елдің спортшылары Астанадағы «Сарыарқа», «Барыс Арена» спорт кешендері мен «Қазанат» ипподромында үздіктердің үздігін анықтайды.

Әлемдік масштабтағы спорт сайысы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуге орайластырылған іс-шаралар тізіміне енгізілген.

Әлем Кубогінің финалын Қазақстанда өткізуге рұқсат берілгені қазіргі бессайыстың Қазақстан Республикасында жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді.