+7 (7172) 26-63-47

03 04 2018

3 сәуір күні Астана қаласы, С. Сейфуллин атындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына орай Астана қаласының мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің арасында өтіп жатқан Спортакиада аясында шағын футболдан жарыс өтті (қыздар арасында).

Қатысушылардың жалпы саны 50 адам, командалар саны 5, жалпы көрермендер саны 20-ға  жуық болды. Жарыс соңында, жеңімпаздар диплом және кубок сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс нəтижесі:

І орын С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. 

ІІ орын Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті.

ІІІ орын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық  университеті.

Сонымен қатар  үздік қақпашы, үздік қорғаушы  және  үздік шабуылшы номинациялары  бойынша  қатысушылар диплом  және  кубокпен  марапатталды.

Үздік қақпашы  Шляк Ксения (ҚазЭУ).

Үздік қорғаушы  Романтеева  Анастасия (ЕАГИ).

Үздік шабулшы  Елеусизова Анель (ҚазАТУ).

Іс-шараның ұйымдастырушылары: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

{gallery}news/2018/04/04{/gallery}