+7 (7172) 26-63-47

16 17.06.2018

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары сіздерді 2018 жылдың 15-17 маусым күндер аралығында «Дәулет» спорткомбинатында, Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай  киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кіші жастағы қыздар, ерлер  және әйелдер арасында    Ашық Азия Чемпионатын тамашалауға шақырамыз!!! Бұл Чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша  12 жастан  жоғары  спортшылар 37 салмақта  сынға түседі.

Бұл құрлықтық бәсекеге   12-ге жуық мемлекеттен  250 спортшы қатыспақ.   

Қазыргі уақытта чемпионатқа қатысуға Иран, Ирак, Үндістан Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Монғолия, Түркменестан  мемлекеттерінен өтінімдер түсті.

Жылдың байрақты бәсекесінде ел намысын ерлер арасындағы Әлем чемпионы Карменов Алишер, 2015 жылдың Азия Чемпионы, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Гарас Никита, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабырхан Әлемгул, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сауытова Мадина сынды еліміздің үздік жас татами шеберлері қорғайтын болады.