+7 (7172) 26-63-47

Елорданың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген «ҚР көлік қызметкерлерінің күнін» атап өтуге орайластырылған спартакиада ағымдағы жылғы шілде айының 20 күнінен бастау алды.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, Мәдениет және спорт басқармаларымен бірге ұйымдастырылған іс-шара «Алау» мұз айдыны сарайында салтанатты түрде ашылды. Іс-шарада көлік саласының қызметкерлері стол теннисі бойынша бақ сынасып, өнерлерін ортаға салды. Тартысты өткен ойында қатардан озып, бас жүлдені «№1 Автобус паркі» АҚ жеңіп алса ІІ-орын «LRT құрылысы жөніндегі Дирекция» ЖШС және ІІІ- орын «№4 Автобус паркі» ЖШС-не бұйырды.

Шілде айының 28-і волейбол ойынынан жарыс өткізілді. Нәтижесінде «№3 Автобус паркі» ЖШС І-орын, «№1 Автобус паркі» АҚ ІІ-орын, «№4 Автобус паркі» ЖШС ІІІ- орынға ие болады.

Спартакиаданың салтанатты рәсімі 4 тамыз күні Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда өтті. "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ басшысының орынбасары Алиxан Жұмаxанұлы қатысушыларды құттықтап, шағын-футболдан жарыспен жалғасты. Ойын нәтижесінде "LRT құрылысы жөніндегі дирекциясы" ЖШС І-орын, "3 Sk автобус паркі" ЖШС ІІ-орынға ие болса, "4автобус паркі" ЖШС ІІІ-орын алды. Аталған іс-шаралар салауатты өмір салтын сақтаумен қатар, ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, жыл сайынғы дәстүрлі түрде спорттық жарыстармен аталып өтетін Көлік қызметкерлерінің күні тамыз айының 1-ші аптасының жексенбісіне түсіп отыр.