+7 (7172) 26-63-47

Көптен күткен Astana Marathon 2021 жүгіру жарысына биыл Қазақстанның 45 қаласы қатысып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Марафонға дайындық деңгейі әр түрлі және оған барлық жастағы адамдар қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
 
Ең жас қатысушы – 18 жаста, ең үлкені – 76 жаста. Жарысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың әріптестері, елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. 42,2 км қашықтықта ерлер үлесі 86%, ал әйелдер 14% құрады. 10 км-де ерлер мен әйелдер үлесі сәйкесінше 62% және 38% болды.
 
Astana Мarathon 2021 жеңімпаздары:
 
42,2 км
 
Абсолютті ерлер
 
Бірінші орын - Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен, Өзбекстан
 
Екінші орын - Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан
 
Үшінші орын - Илья Тяпкин (02:24:23), Бішкек, Қырғызстан
 
Абсолютті әйелдер
 
Бірінші орын - Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан
 
Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан
 
Үшінші орын – Ольга Богомольская (03:01:18), Алматы, Қазақстан
 
18-39 жас санатында
 
Ерлер
 
Бірінші орын - Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен,Өзбекстан
 
Екінші орын - Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан
 
Үшінші орын-Илья Тяпкин (02: 24: 23), Бішкек, Қырғызстан
 
Әйелдер
 
Бірінші орын - Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан
 
Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан
 
Үшінші орын – Ольга Богомольская (03: 01: 18), Алматы, Қазақстан
 
40-44 жас санаттарында
 
Ерлер
 
Бірінші орын – Нүркен Халықберген (02:48:57), Алматы, Қазақстан
 
Екінші орын — Еренғайып Қуатайұлы (02:59:42), Алматы, Қазақстан
 
Үшінші орын – Ерік Боранбеков (03: 00: 44), Нұр-Сұлтан, Қазақстан
 
Әйелдер
 
Бірінші орын - Гүлмира Туенбаева (04:22:54), Нұр-Сұлтан, Қазақстан
 
Екінші орын – Әсел Сәдуақасова (04:26:43), Нұр-Сұлтан, Қазақстан
 
Үшінші орын – Марина Волошенко (04:37:04), Көкшетау, Қазақстан