+7 (7172) 26-63-47

Достар, бұл жолы біз «Біз жүгіруді қолдаймыз» атты онлайн жарысын бастаймыз. Аталмыш іс-шара ағымдағы жылдың 14-27 қараша күндері аралығында, сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін елорданың қалаған саябағында әр жұпқа ыңғайлы уақытта, онлайн режимінде, мобильді қосымшаның сүйемелдеуі арқылы  өтеді.

Жарыс ережесі:
Онлайн жүгіріске кез келген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан құралған жұптар (ер және әйел) қатыса алады. Әрбір қатысушы жас тобы бойынша өзіне серіктес  таңдайды.
Жарыс қатысушылары өзіне ыңғайлы уақытта, жақын орналасқан елорданың кез-келген саябағында ережеге сәйкес қашықтыққа жүгіріп, нәтижесін жарыс ұйымдастырушыларына жіберу арқылы қатыса алады.  Барлық қатысушылар ұсынылған құжаттарға сәйкес тіркеуден өтеді,яғни жеке куәлік бойынша.

Жарыс 4 км, 6 км, 8 км және 10 км қашықтықта өтеді. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөлінеді.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.
 10 км қашықтыққа жүгіру (ер-5км., әйел-5км.) – 18-29 жас,
Еділ тел.: 8 775 947 22 79 пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 8 км қашықтыққа жүгіру (ер -4км., әйел -4км.) –  30-39 жас,
              Ризабек тел.: 8 707 977 99 70 пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 6  км қашықтыққа жүгіру (ер -3км., әйел -3км.) – 40-49 жас,
           Еділ тел.: 8 775 947 22 79 пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 4 км қашықтыққа жүгіру (ер -2км., әйел -2км.) –50 жас және одан жоғары,         
           Ризабек тел.: 8 707 977 99 70 пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Жарыс аяқталғаннан кейін өзіңіздің Instagram парақшаңызда өз нәтижелеріңізбен stories арқылы бөлісіңіз, сонымен бірге @elordasport, @sport_nursultan парақшаларын #онлайн4км, #онлайн6км, #онлайн8км, #онлайн10км хэштегтерімен белгілеңіз. Сондай-ақ, нәтижелерді WhatsApp мессенджеріне жіберу қажет, сол бойынша жүгірудің қорытындылары шығарылады.

Жеңімпаздарды анықтау:
Онлайн жарысқа қатысқан жұптардың (ер, әйел)  ортақ нәтижелері қосу арқылы анықталады, 1-2-3 орын иегерлері арнайы сыйлықтар мен медальдарға ие болады. Жеңімпаздарға марапатты елімізге белгілі спортышар, әлем және Олимпиада чемпиондары табыстайды.

Ұйымдастырушылар: «Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру  және спорт басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ