+7 (7172) 26-63-47

16 03 2018 kz

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі – байырғы заманнан келе жатқан көктемгі жаңару мерекесі екені барлығына белгілі.

Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамына жоспарлаған спорттық мерекесіне Астана қаласының тұрғындарын және қала қонақтарын спорттық іс-шараларға белсенді қатысуға, наурыз мерекесін көңілді өткізуге шақырамыз.

Наурыз мейрамына орай «қазақ күресі», «асық ату», «гір тасын көтеру», «қол күресі» және «арқан тартыс» спорттық  іс-шаралары өткізіледі.

Ұйымдастырушылары «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ

2018 жылдың 21-22 наурыз күндері

Төменгі аталған мекен-жайлар бойынша мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

«Есіл» ауданы, ЭКСПО қалашығы «Конгресс-орталығы».

«Есіл» ауданы, «Жағалау» тұрғын үй кешені.

«Сарыарқа» ауданы, қала әкімдігі алаңы.

«Алматы» ауданы, «Қазақ елі» монументі алаңы.

«Алматы» ауданы, Студенттер паркі аумағында.

«Жағалау», «Өндіріс», «Күйгенжар», «Мичурино», «Пригородный», «Промышленный»,

«Үркер», «Интернациональный», «Железнодорожный», «Көктал-1»

тұрғын үй кешендерінде.

Басталуы сағат 9:00 де.