+7 (7172) 26-63-47

DSC 0256

18 сәуір күні елордамыздың белді ЖОО студенттерінен құралған баскетбол командалары арасындағы жарыстың ақтық кездесулері Назарбаев Университетінің спорт залында өтті. Үшінші орын үшін Назарбаев университеті мен Қазақ экономика,қаржы және халықаралық сауда университеті бақ сынасты,ал бірінші орын үшін кездесу  Қазақ Агротехникалық Университеті мен Еуразия Ұлттық Университеті командалары арасында өтті.

Жеңімпаз командаларды ҚР ҰБФ бас хатшысы Алпамысов Абай Абдисаметович, ҚР ҰБФ Астана филиалының директоры Коптелов Илья Валерианович және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысының орынбасары Имашев Азамат Болатұлы марапаттады.

Жарыстың басты мақсаты жастарды спортқа баулу,баскетбол ойынын студенттер арасында кеңінен тарату, Қазақстанда баскетбол ойынын дәріптеу. Бұл туралы салтанатты марапаттау рәсімі кезінде ҚР ҰБФ бас хатшысы Алпамысов Абай Абдисаметович сөз сөйлеу барысында айтып өтті.

Жарыс нәтижесі

Әйелдер

1 орын – Л.Н. Гумилев атындағы мен Еуразия Ұлттық Университеті

2 орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті

3 орын – Назарбаев Университеті

Ерлер

1 орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті

2 орын – Л.Н. Гумилев атындағы мен Еуразия Ұлттық Университеті

3 орын – Назарбаев Университеті

Сонымен қатар қатысушылар «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» «Үздік орталық ойыншы», «Үздік жаттықтырушы» номинациялары бойынша марапатталды.

«Үздік орталық ойыншы», ерлер арасында  Кузнецов Никита (С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті), әйелдер арасында Шамшиденова Мадина (ЕҰУ).

«Үздік қорғаушы» ерлер арасында  Муканов Расул  (ЕҰУ), әйелдер арасында Травина Кристина (Қазақ гуманитарлық-заң университеті)

«Үздік шабуылшы», ерлер арасында  Молдашев Какимжан  (ЕҰУ), әйелдер арасында Кулмуханова Назерке (Назарбаев Университеті)

«Үздік ойыншы», ерлер арасында  Атыхан Магжан (Назарбаев Университеті), әйелдер арасында Абильдаева Сая (С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті)

«Ерлер командасының үздік жаттықтырушысы» Шкурков Александр  Семенович (С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті)

«Әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы» Боранбаева Дарига Жумагалиевна (ЕҰУ)

Ұйымдастырушы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ. 

DSC 0013

DSC 0991

DSC 1000