+7 (7172) 26-63-47

semeynyduatlonsite

Отбасы күні мерекесіне орай Астана Триатлон саябағында «Жанұялық дуатлон» өткізіліп,32 отбасы жарысқа қатысты. Жарыс үш арақашықтықта екі спорт түрінен өткізілді. Әкелер 2 км жүгіріп, аналар велосипедпен 2 км, балалар 300 м-ді жүгіріп өтті. Жалпы арақашықтық 4,3 км. Бүгін қатысушылар екі жас шамасы 9-11 жас және 12-14 жас аралығында тіркелді. 9-11 жас дәрежесінде «Жанұялық дуатлонның» алтынын 12-ші нөмірдегі Пономаревтар отбасы жеңіп алды. Әкесі Пономарев Максим, анасы Пономарева Елена және ұлы Пономарев Максим.Күміс 16-шы нөмірдегі командаға бұйырды. Әкесі ДженгизУфук, анасы Рената Сағындыкова-Дженгиз және қызы Дженгиз Эльвинземха. Үшінші орынды 13-ші нөмірдегі команда жеңіп алды. Әкесі Белешкин Сергей, анасы Селезнева Ольга және Белешкина Анастасия. 12-14 жас аралығында бірінші орынды 39-шы нөмірлі команда алды. Әкесі Вишняков Максим, анасы Вишнякова Инна және қызы Вишнякова Анастасия. Екінші орында 41-ші нөмірлі команда иеленді. Әкесі Шевченко Константин, анасы Шевченко Наталья және ұлы Шевченко Константин. Үшінші орында 40-шы нөмірлі команда жеңіп алды. Әкесі Велещук Александр, анасы Велещук Анна және баласы Велещук Максим.

Алғаш рет «Жанұялық дуатлонды» өткен жылдың қыркүйегінде өткізіп, лотореяда велосипедтер ойнатылды, ал ең басты жүлде Ыстықкөлге жолдама еді. Осы жылы «Жанұялық дуатлонда» тұрмыстық техника бас жүлдеге қойылды: тоңазытқыш, теледидарлар және ноутбуктар. Сонымен қатар «Жанұялық дуатлон» лотореясында 5 велосипед ойнатылды. Отбасы мерекесіне мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылып, кішігірім сыйлықтар тарту етілді.

Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ командасы спортсүйер отбасы – болашақ кепілі екендігіне сенімді. Сол себепті «Жанұялық дуатлонның» ұраны-«Салауатты отбасы-салауатты ұлт».  «Жанұялық дуатлон»- бұқаралық спорттың дамуына көп үлес қосатын жарыс түрі.

Ұйымдастырушысы-Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ. Іс-шара  «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен өткізілді.

Елордамыздың спорт шаралары туралы біздің сайттан оқи аласыздар: http://elordasport.kz/#Астанаспортивная  #Астана #АсетИсекешев #Казахстан  #astana_akimat  

В Instagram http://piclone.com/u/elordasport/3277567554