+7 (7172) 26-63-47

presskonferenciawosКонференция барысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы келісім бойынша марафонның 2017 жылдың 27 тамызында өтетіндігі жөнінде белгілі болды. Келісім аясында Марафон және  «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес» (АӨСШК) форумын біріктіру жөнінде шешім қабылданды.

Басапасөз конференциясын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру Комитеті төрағасының орынбасары  Жарасбаев Серік Маратұлы тілшілерге ілтипат білдіре отырып,іс-шараның дәрежесі жоғары екендігін атап өтті:

-Біз Сіздерге Халықаралық Астана ШЫҰ марафоны  және «Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске» (АӨСШК) арналған баспасөз конференциясына қош келдіңіздер дейміз. Іс-шара деңгейі өте жоғары екендігін айта кеткен дұрыс. Бірініші марафон Қытай елінде Куньмин қаласында өткізіліп, оған 15 мың адам қатысқан, екінші марафон Астана қаласында «ЭКСПО-2017» аясында өткізілмекші. Мұнда 5 000-ға жуық адам күтілуде. Тіркеу ашық. 15 шілдеден бастап сайт жұмыс істеуде,-деді Серік Жарасбаев.

Қазақстан Республикасы  Жеңіл атлетика Федерациясының вице-президенті Табанов Эльдар Рашитұлы тілшілерге Халықаралық Астана ШЫҰ марафоны  және АӨСШК өткізілу үшін жасалған жұмыстар жөнінде айтып өтті, марафонның бекітілген қашықтықтарын сөз қылып, Астана қаласының әкімі Исекешев Әсет Орынтайұлына бірлескен жұмыс үшін зор алғысын білдірді:

-Бұқаралық іс-шараны ұйымдастыру бойынша қыруар жұмыс жасалды. Ағымдағы жылдың маусым айында Жеңіл атлетика федерациясы марафон тасжолын сертификаттау жүргізген еді. Ұйымдастырушылар сөре және ақтық мәре аймақтарын анықтап,жоспарланған қашықтықты,су қабылдау ,медициналық қызмет көрсету және тамақтану нүктелерін белгіледі. 10 шілде күні Бейжің қаласында марафон тұсаукесері өтіп,марафон қатысушыларын тіркеуге арналған қытайлық сайт іске қосылды, 15 шілде күні сайттың қазақстандық нұсқасы өз жұмысын бастады. Біз тек біздің елде ғана емес ШЫҰ аймағының марафонға назар аударғанына ризамыз. Еуропа мен Африка елінен тіркелушілер де болды. 25 және 26 тамыз күндері марафонға онлайн тіркелушілерге бастапқы пакеттерді тарту етуге арналған іс-шара өткізу ойымызда бар,- деп хабарлады  Эльдар Табанов.

Халықаралық Астана ШЫҰ марафоны  және АӨСШК 5 мыңнан аса қатысушыны жинайды деп күтілуде, оның ішінде 1 мың адам шетелдік қонақтар және 30 кәсіпқой спортшылар ШЫҰ мемлекеттерінен келеді,- дейді баспасөз конференциясының ұйымдастырушылары.