+7 (7172) 26-63-47

Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ (55 кг, 60 кг, 63 кг, 67 кг, 72 кг, 77 кг, 82 кг, 87 кг, 97 кг және 130 кг) дәрежесінде сынға түспек.

Астана қаласында төртінші рет өткелі жатқан халықаралық турнир ҚР Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.

Турнир 11-14 наурыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр даңғылы, 43) өтеді.

Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын балуандарымызға жанкүйер болуға баршаңызды шақырамыз!

Көрермендер үшін кіру тегін!