+7 (7172) 26-63-47

Кеше елорда тұрғындары арасында Зумбадан ашық ауа астында «Outdoor Zumba Fitness» & функционалдық жаттығулар»  бастау алды.  Аталмыш шара аясында бокс, каратэ, жекпе-жек, фитнесс және кардио элементтері бар Латын Америка ырғақтары негізінде би бағдарламасы өтті.

Зумбаны топтық бағдарламалардың сертификатталған нұсқаушысы,  ZUMBA FITNESS, HOT IRON, IRON CROSS Мурзахметова Жадра Ансағанқызы өткізді.

Шара барысында нұсқаушылар номинациялар бойынша үздік қатысушыларды анықтады.
Олар:
- ең мықты;
- ең епті;
- ең төзімді;
- ең белсенді;
- ең жарқын;
- ең сүйкімді;
- ең жас / ең үлкен.
Сонымен қатар,
аталмыш жарыс әр аптаның сенбі күндері  елорданың "Астаналық саябағанда" және "Ботаникалық бағында" өтетін болады.

Outdoor Zumba Fitness» & функционалдық жаттығулардың өтетін
кестесін ұсынамыз :

19 қыркүйек сағат 11.00-де – «Ботаникалық бақ»
26 қыркүйек сағат 11.00-де – «Астаналық саябақ» («Дәулет» СК жанында)
3 қазан сағат 11.00-де – «Ботаникалық бақ»

Сіздерді және Сіздің жақындарыңызды ашық ауада өтетін спорттық іс-шараға қатысуға, бізбен жақсы көңіл-күй мен сергектік қуат алуға шақырамыз! Барлығыңызды күтеміз!