+7 (7172) 26-63-47

Шаңғы жарысы  қаланың орталық саябағындағы шаңғы роллер тас жолында, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ашық ауада жеке жағдайда өткізілді.

Әрбір қатысушы (- лар) жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсына отырып, алдын ала  WhatsApp желісі арқылы тіркеуден өтіп,  жарыс ережелерімен таныс болды.

Нұр-Сұлтан қаласының күш құрылымдары мен мемлекеттік қызметкерлері арасында жас топатарына байланысты ерлер 
2 шақырым және әйелдер 1 шақырымды бағындырды. 

Шаңғы жарысы бойынша жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Нұр-Сұлтан қаласының "Дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" КММ атынан дипломдармен, медальдармен марапатталды.