+7 (7172) 26-63-47

Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай және Отбасы күніне арналған  САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ-САЛАУАТТЫ ҰЛТ «Отбасылық дуатлон» жарысыөтеді. Жарыс үш қашықтықта екі спорт түрінен өтеді. Жарысқа 8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас дәрежесіндегі балалары бар отбасылар қатыса алады (ата – аналарының  жасы есепке алынбайды).

    Жалпы қашықтық ұзақтығы 4,5 км.

·     Жүгіру (әке)– 2,1 км;

·     Веложарыс (ана) – 2,1 км;

·     Жүгіру (бала) – 300 м (8-9 жас және 10-11 жас, 12-13 жас);

üМіндетті түрде қатысушылардың өз велосипеді болуға тиіс.

üҰйымдастырушылар велосипед бермейді!

üВелокезең кезінде дулығаның болуы міндетті!

üДулыға болмаған жағдайда команда жарысқа жіберілмейді!

 

-       Жарыс Астана қаласы «Астана Триатлон» саябағында, 2018 жылдың                        8 қыркүйек  күні өтеді.

-       Командаларды тіркеу – сағ. 09:00-10:30.

-       Басталуы - сағ. 11:00.

ОТБАСЫЛЫҚ-ДУАТЛОН ЭСТАФЕТА ТҮРІНДЕ ӨТЕДІ!

Бірінші болып сөре сызығынан әкелері 2,1 км қашықтықты жүгіруді бастайды, транзиттік аймақта күтіп тұрған анасына эстафеталық лентаны береді.

Екінші Анасы 2,1 км қашықтықты велосипедпен жүріп, баласына эстафеталық лентаны береді.

Үшінші баласы ((8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас) 300 м қашықтықты жүгіріп мәре сызығын кесіп өтеді. Ең алғашқы келген I, II, III отбасы жеңіске жетеді.

    Жарыс кезеңдерінің Ережелері мен кезеңдерінің карталары elordasport.kz, сайтында көрсетілген. Сондай ақ дуатлонныңтолық регламенті Астана қаласы әкімдігінің elordasport.kz Спорттық – бұқаралық     іс – шараларды өткізу дирекциясының  сайтында жарияланған.

Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәліктері болуы керек. Айта кетейік,  «Отбасылық дуатлонға» қатысуға ниетті, қашықтықты бағындыруға денсаулығы жарамды, дәрігердің рұқсаты бар отбасылар шақырылады. Тіркеу кезінде әр отбасы мүшесі-дуатлонға қатысу үшін балалардың өмірі мен өзінің денсаулығына жауапты екендігі жайында қолхат толтыруы тиіс.

Әр топта жарыс жеңімпаздары ең үздік нәтиже бойынша анықталады.                    Әр жас санаты бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жарыс жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар «Отбасылық дуатлон» жарысына қатысқаны үшін барлық қатысушылар медальдармен марапатталады.Жарыс соңында тіркеу нөмері бойынша велосипедтер ұтысқа ойнатылады.

Іс – шараны ұйымдастырушылар  «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

 Анықтама телефондары:

Мадина: 8707 431 31 78

Спорт бөлімі: 26-63-47