+7 (7172) 26-63-47

prewnasite

2 шілде күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда футболдан Астана қаласы әкімінің Кубогы үшін жарыс басталды. Салтанатты ашылу рәсімі кезінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек  Амирханович сөз сөйледі:

 

-Астана қаласының әкімі Исекешев Әсет Орынтайұлының атынан Сіздерді турнирдің бастаулымен құттықтаймын. Соңғы жылдары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай елімізде спорттың дамуына, әсіресе бұқаралық спорттың кеңеюіне көп көңіл бөлінуде. Мысалы футбол мектептерінің саны соңғы жылдары 3-тен 25-ке дейін өсті, әуесқой командалар саны 40,аулалар мен мектеп терриорияларында 300 футбол алаңдары мен шағын аулалар қолданысқа берілген. Әкімдік бұқаралық спорттың дамуына көп көңіл бөлуде,-деп хабарлады Астана қаласы әкімінің орынбасары.

Тартысты ойындар шымылдығын «Целиноград» және  «№ 8 ОРБМЖСМ»ашты. Ойын өте қызу өтіп, бірінші тайм  2:1 есебімен «№ 8 ОРБМЖСМ» пайдасына шешілді. Екінші тайм нәтижесі бойынша есеп 3:1 болып,жеңімпаз «№ 8 ОРБМЖСМ» атанды.

2 шілде күні басталған футболдан Астан кубогы 28 шілде күні аяқталып, жеңімпаз командалар мен ойыншылар марапатталады.