+7 (7172) 26-63-47

spartakiada

15 шілде күні Астана қаласының жолаушылар көлігі жұмысшыларының арасындағы спартакиада аясында волейбол мен үстел теннисінен жарыстар өткізілді. Волейбол алтынын «№2 Автобус паркі»ЖШС, күмісті «№1 Автобус паркі» АҚ, қоланы «№3 автобус паркі» ЖШС жеңіп алды. Волейбол жарысына 4 команда қатысты. Төртінші команда «Еcіл – Астана» МКҚК. Үстел теннисі жарысына 7 команда қатысты. Бірінші орында «№2 Автобус паркі»ЖШС, екінші орында «№1 Автобус паркі» АҚ, ал үшінші орынды «Жорға МТ» ЖШС иеленді.

Спартакиада жалғасуда. 22 шілде күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда сағат 9.00 шағын футболдан жарыс өтеді. Турнирге 8 команда қатысады. Жеңімпаздар медаль, дипломдармен марапатталып, үздік ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларына ие болады.

Спартакиада ұйымдастырушылары «Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.