+7 (7172) 26-63-47

29 07 201729 шілде күні Астана саябығында қала үшін қайталанбас іс-шара өтті- кәсіпқой ерлер мен әйел триатлоншылар қатысқан спринтерлік арақашықтықтағы Азия Кубогы (ASTANA ASIAN CUP 2017). Алыс және шет елден келген триатлоншылар үш спорт түрінен қатысып:жүзу 750 м,велосипедпен 20 км және 5 км жүгіріп өтті. Мықты атлет атағына (PRO),Халықаралық Триатлон одағының үздік рейтингісіндегі кәсіпқойлар таласты. Әйелдер арасында алтынды венгриялық Жанет Брэгмайер 1:04:33 көрсеткішімен иемденді. Азия Кубогының күмісі венгер Доротее Петровқа бұйырды,көрсеткіші 1:07:20. Қола жүлдені украиналық Анна Абдулова 1:08:05 көрсеткішімен алды. Ерлер арасында бірінші орын австралиялық Марсель Валкингтон,екінші орын венгерлік - Герго Шоош және үшінші орынды Лазсло Тарнай жеңіп алды. Азия Кубогы (ASTANA ASIAN CUP 2017) туралы толық ақпаратты  http://www.triathlon.org.kz/ru/result/rezultaty-asian-cup-sprint-2017-g-astana    сілтемесі арқылы ала аласыздар.

ASTANA ASIAN CUP 2017 ұйымдастырушылары:

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
  • Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы
  • Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
  • Қазақстан Триатлон федерациясы
  • Ази Триатлон Конфедерациясы
  • Халықаралық Триатлон Одағы

Жарысты қолдаушылар:

  •  Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі
  • ҚР ІІД ТЖК орталық Аэромобильді Оперативті-құтқару отряды
  •  «Қазақстан Спорттық медицина федерациясы» АҚ

Спорт шаралары туралы біздің сайттан оқи аласыздар: http://elordasport.kz/, #Астанаспортивная  #Астана  #АсетИсекешев  #Казахстан#smileAstana #astana_akimat, инстаграмда http://piclone.com/u/elordasport/3277567554