+7 (7172) 26-63-47

DSC 0869

8 сәуір күні Халықаралық мамандандырылған  «EXPO-2017» көрмесіне арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада аясындағы бильярд турнирі өтті. Турнирге 14 команда қатысты. Жарыс «Мәскеу комбинациялы пирамидасы» бильярд ойыны түрі бойынша өткізілді.

Турнирдегі  бас төрешілік қызметін Жумагулов Ерболат Нұрланұлы атқарды. Жарыс нәтижесі бойынша турнир алтыны Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына бұйырса, күміс жүлдені Астана қаласы әкімі аппараты, қола жүлдені Құрылыс басқармасы жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары медальдар және дипломдармен марапатталды.

Ұйымдастырушылары «Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.