+7 (7172) 26-63-47

Өткен сенбі күні Астана қаласындағы «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың 20 жылдығына арналған «Есіл» ауданының ұйымдары арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Турнирге барлығы 11 ұйым, 33 қатысушы қатысты. 
Жарыс қорытындысы бойынша
1орын - Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық 
2 орын – «ҚР Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» 
3 орын – «ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы»

Іс-шараны Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және Есіл ауданы әкімінің аппаратымен бірге Астана қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс-шаралары өткізу дирекциясы ұйымдастырды. Жеңімпаздар дипломдар мен медальдармен марапатталды.