+7 (7172) 26-63-47

11 қыркүйек күні Астана қаласы бойынша «Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің» ЕЦ-166/10» мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай сынақ мерзімін өтеушілер арасында жыл сайынғы спартакиада жарысы өтті.

Жарыстың жалпы мақсаты Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты насихаттау, Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды және спортты дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және спартакиадаға қатысушы сынақ мерзімін өтеушілер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Аталмыш спартакиадаға Астана қалалық ЕЦ-166/10» мекемесі және Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандық пробация мекемесінде сынақ мерзімін өтеушілер арасынан 4  командалық топ, алты спорт түрінен  сайысқа түсті. Атап айтсақ,волейбол, футбол, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күресі және асық ату.  

Спорт түрлерінен жүлделі орын алған жеңімпаз командалардыАстана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ-сі  кубок, диплом және медальдармен марапаттады.  

Іс-шараны Астана қаласы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаменті, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы және Астана қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс-шаралары өткізу дирекциясы ұйымдастырды. @madeniet_sport.astana

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/#Астанаспортивная#Астана #Казахстан#astana_akimat 

Жарыс қортындысы бойынша

Қол күресі

I орын – Батпанов Қайрат

II орын – Сазан Ерлан

III орын – Бурый Вячеслав

Шағын футбол

I орын – ЕЦ-166/10 – 1 команда

II орын – Сарыарқа сынақ мерзімі

III орын – ЕЦ-166/10 – 2 команда

Гір тасын көтеру

I орын – Батпанов Кайрат

II орын –Татенов Максут

IIIорын – Гасанов Фагани

Арқан тартыс

I орын – ЕЦ-166/10 – 1 команда

II орын – Сарыарқа сынақ мерзімі

III орын –ЕЦ-166/10 – 2 команда

Волейбол

I орын – ЕЦ-166/10

II орын – Алматы сынақ мерзімі

III орын – Есіл сынақ мерзімі

Асық ату

I орын – Азамат

II орын – Абумахманов Ернар

III орын – Бабоев Аубакир