+7 (7172) 26-63-47

Өткен сенбі күні елордамызда «Есіл» ауданының 10 жылдығына арналған, «Есіл»ауданы ұйымдары арасында футболдан турнир өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орын «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, 2-ші орынды Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы алса 3-ші орынға Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві жайғасты. Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» (Канапин Дастан), «Үздік шабуылшы» (Аскаров Алмат), «Үздік қорғаушы» (Якубов Марат), «Үздік ойыншы» (Жаxанов Асан) номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Іс-шараны Есіл ауданы әкімінің аппараты және Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасымен бірге Астана қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс-шаралары өткізу дирекциясы ұйымдастырды. Жеңімпаздар диплом, кубоктар, сыйлықтар және медальдармен марапатталды.

Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/ #Астанаспортивная#Астана#АсетИсекешев #Казахстан#astana_akimat -

IMG 3155 07 08 18 01 48IMG 3158 07 08 18 01 48