+7 (7172) 26-63-47

IMG 8828

19 сәуір күні «Барыс» спорт кешенінде «№10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі» КММ жаттықтырушылары өскелең ұрпаққа спортпен шұғылдану арқылы белсенді, салауатты өмір сүруге болатынын көрсету мақсатында шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабақтарын мектеп жаттықтырушылары Коробенко Владимир Иванович, Кирьянов Никита Васильевич, Васин Антон Александрович Белкин Дмитрий Сергеевич және Белкин Александр Сергеевич жүргізді.

Іс-шара ШЫҰ мемлекеттерінің антитеррорлық «Есірткісіз әлем үшін» акциясы аясында өтіп, ІІД ЕКБ полиция майоры Нургазина Алия Кибатовна сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылары Астана қаласының  ІІД Есірткімен күрес басқармасы , «Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

IMG 8806

IMG 8812