+7 (7172) 26-63-47

footboll

«Астана Кубогы» аясында 8 щілде күні Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтіп, 8 команда қатысты: «Астанагенплан» Ғылыми-зерттеу және жобалау институты, ҰҚК, ТЖД, АКҚБ, ІІД, Астана қаласы құрылыс басқармасы,Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы және Әкім аппараты. Турнир төрт алаңда бір уақытта өтіп,А және В тобында ойнады. Дәстүрлі жеребе тастау бойынша А тобына ҰҚК, АКҚБ, Астанагенплан»Ғылыми-зерттеу және жобалау институты енді. В тобы ТЖД, ІІД, Астана қаласы құрылыс басқармасы және Әкім аппараты командаларынан құралды.

Жартылай финалға 4 команда: Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, ІІД, АКҚБ, Әкім аппараты. Қола жүлде үшін ІІД және Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы ойнады. 3:2 есебімен ІІД командасы жеңіске жетті. Ақтық сында Әкім аппараты мен АКҚБ кездесіп, 2:1 есебімен алтын жүлдеге Әкім аппараты ие болды.

Турнир нәтижесі

1 орын – Әкім аппараты

2 орын – АКҚБ

3 орын- ІІД

Жеңімпаздар кубоктармен, медаль және мақтау қағаздармыен марапатталды, ал үздік ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларын иеленді. Турнирдің үздік қақпашысы Имагамбетов Бауржан(АКҚБ).Үздік ойыншы Енсеков Данияр(ІІД). «Үздік қорғаушы» ретінде Акишев Ильяс (Әкім аппараты) танылды. «Үздік шабуылшы» номинациясы Сагатов Алиге (Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы) бұйырды.