+7 (7172) 26-63-47

kumalak2

17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан Астана қаласының жекелей Чемпионатының ақтық ойындары «Алау» спорт кешенінде өтіп, 25 адам қатысты. Жарыстар классика және БЛИЦ-ойыны бойынша өткізілді. Интеллектуалдық ойынға ерлер мен әйелдер және балалар қатысты. Ең кіші қатысушы Кәусар Серікке 9 жас, ең үлкен қатысушы Қасқырбаев Балтабай, 70 жас. Чемпионат нәтижесі бойынша жеңімпаздарға медаль, мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

- Осы жылы Астана қаласы Чемпионатының 25 спортшы қатысты, олардың ішінде халықаралық спорт шеберлері бар, Азия Чемпиондары, ҚР чемпионаттарының жүлдегерлері. Тоғызқұмалақтан өткен жарыстар –қаламыздағы ұлттық спорт түрлерінің дамуының бастамасы. Өмір - өзіңмен үнемі жұмыс  жасау,сондықтан өскелең ұрпаққа жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, тоғызқұмалақ арқылы интеллектуалдық  деңгейлерін көтеріп, спортпен айналысып, ішкі түйсіктерін дамытсын деймін,-деді Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Тлеуғали Әмірбекұлы.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқарамасы» ММ.