+7 (7172) 26-63-47

kubki

«Астана Кубогы» аясында 7 және 8 шілде күндері спорттың екі түрі:волейбол мен шағын футболдан жарыс өтіп, департамент пен басқарма қызметкерлерінен 130 қызметкер қатысып, 50 адам волейбол ойнаса, 80 адам футбол алаңына шықты.

7 шілде күні «Алау» мұз сарайында волейбол матчы өтіп, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Үздік волейбол командасы болу үшін, Білім басқармасы, ТЖД,АКҚБ және Әкім аппараты сынға түсті. Кездесу Олимпиадалық жүйе бойынша өткізіліп, команда құрамы 6 адамнан тұрды: 4 ер адам және 2 әйел адам. Турнир нәтижесі бойынша алтынға ТЖД командасы,күміске Әкім аппараты, қола жүлдеге Білім басқармасы ие болды. Сонымен қатар номинациялар бойынша «Үздік байланыстырушы» Әсеткербаева Фариза, «Үздік шабуылдаушы» Курманбаев Олжас, «Үздік ойыншы» Тұрар Қуаныш, «Үздік либеро» Темирбаева Аяжан атанды.

8 щілде күні Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтіп,8 команда қатысты: «Астанагенплан»Ғылыми-зерттеу және жобалау институты,ҰҚК,ТЖД,АКҚБ,ІІД,Астана қаласы құрылыс басқармасы,Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы және Әкім аппараты. Турнир төрт алаңда бір уақытта өтіп,А және В тобында ойнады. Дәстүрлі жеребе тастау бойынша А тобына ҰҚК, АКҚБ, Астанагенплан»Ғылыми-зерттеу және жобалау институты енді. В тобы ТЖД, ІІД, Астана қаласы құрылыс басқармасы және Әкім аппараты командаларынан құралды.

Жартылай финалға 4 команда: Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, ІІД, АКҚБ, Әкім аппараты. Қола жүлде үшін ІІД және Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы ойнады. 3:2 есебімен ІІД командасы жеңіске жетті. Ақтық сында Әкім аппараты мен АКҚБ кездесіп,2:1 есебімен алтын жүлдеге Әкім аппараты ие болды.

Турнир нәтижесі

1 орын – Әкім аппараты

2 орын – АКҚБ

3 орын- ІІД

Жеңімпаздар кубоктармен, медаль және мақтау қағаздармыен марапатталды, ал үздік ойыншыларға «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинацияларын иеленді. Турнирдің үздік қақпашысы Имагамбетов Бауржан(АКҚБ).Үздік ойыншы Енсеков Данияр(ІІД). «Үздік қорғаушы» ретінде Акишев Ильяс (Әкім аппараты) танылды. «Үздік шабуылшы» номинациясы Сагатов Алиге (Астана қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы) бұйырды.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Әкім аппараты, екінші орынды АКҚБ командасы, үшінші орынды- ТЖД командасы иеленді.

 «Астана Кубогының»ұйымдастырушылары- Астана қаласы Әкімдігі, «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ. Спорт шарасы Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ тікелей қатысуымен өтті.