+7 (7172) 26-63-47

dvor«Аула күні» науқаны аясында 1 шілде күні Алматы ауданының «Сарайшық» шағын ауданында балалар қалашығының ашылуы өтті. Ересектер мен балалар үшін мәдени және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Ашық аспан астындағы концерттен бөлек Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ барлық келушілерге асық ату, қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту және «Көңілді старт» ойындарын ұсынды.120-дан аса адам ашық аспан астындағы спорттық ойындар мен шараларға қатысты, бұл шаралар қала халқы арасында танымалдылыққа ие болып келеді. Сонымен қатар бұқаралық спортқа деген қызығушылық артуда. Өз күштерін сынға салуға ниет білдірушілер арасында ересектермен қатар балалар да бар.

 Жарыс нәтижесі

Арқан тартыс

1 орын- Жулдызай командасы

2 орын- Астана командасы

3 орын- Қыран командасы

Көңілді старт:

1 орын – Сұнкар командасы

2 орын - Астана командасы

3 орын -  Қабылан   командасы

Шағын футбол:

       1 орын - Андреграунд командасы

       2 орын - Жумабаевы командасы

       3 орын - Казактар командасы

Қол күресі:

1 орын- Канаев Д.

2 орын- Иснуров А.

3 орын – Какимов Г.

1 орын- Сумьянов Ж.

2 орын- Каиров Д.

3 орын-  Чизренков Ш.

Гір көтеру спорты:

1 орын- Мустафин А.

2 орын- Усенов Е.

3 орын- Каиров Д.

4 орын- Шарибетовм М.

5 орын- Амалбек А.

6 орын- Ерменбет Е.

Ұйымдастырушылар - Алматы ауданының әкімі,Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ,«Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қолдауымен.