+7 (7172) 26-63-47

Ұлы Жеңіс Күнін және 7 мамыр мереке күндеріне  орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, 07 мамыр күні  ZOOM бағдарламасында "Family Victory" (отбасының жеңісі), (отбасылық Жеңіс) онлайн жарысын өткізді. Жарысқа  анасы, әкесі және 13 жасқа дейінгі баладан құралған 10 аса  отбасы қатысты. Әр қатысушы өзіне берілген жаттығуларды жасады. Әкелер кеудені жерден көтеру (отжимание), аналар шалқалап  жатып дене көтеру (пресс) және балалар отырып тұру (приседание) жаттығуларын жасады. Барлығына 1 минут уақыт берілді. Жарыстың  жалпы  уақыты 3 минут.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының» қызметкерлері жеңімпаздарды димпломдармен, медальдармен және сыйлықтармен үйлеріне жеткізіп марапаттады.

Ұйымдастырушылар: «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.

Жарыс қорытындысы:
1 орын:  Досполовтар жанұясы (206 ұпай)
2 орын: Сагадиевтар жанұясы (166 ұпай)
3 орын: Ермекбаевтар жанұясы (128 ұпай)

1 орын:  Шугай жанұясы (129 ұпай)
2 орын:  Сүлейменовтер жанұясы (108 ұпай)
3 орын:  Нысановтар жанұясы (105 ұпай)

{gallery}news/2020/05/08{/gallery}