+7 (7172) 26-63-47

sabantuy

7 шілде 11.00 қалалық әкімдік алаңында еңбекті, денсаулықты,күш пен икемділікті насихаттайтын  «Сабантой» атты татар-башқұрт мерекесіне арналған жаппай серуендеу шарасы өткізілді. Бұл күні қалалықтарды мәдени бағдарлама, ұлттық спорт түрлерінен жарыс,сонымен қатар сыйлықтар мен жүлделер болды. Татарстаннан шақырылған әртістер мен елордалық би ұжымдарының концерті қойылды. Спорт ойындарын Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұсынды: белбеу күресі,қол күресі, асық ату мен арқан тарту жарыстары өткізілді. «Сабантойды» тойлау аясында «Көрәш»белбеу күресінен Астана қаласының Чемпионаты ұйымдастырылды.

Осы аталған спорт түрлері халық арасында танымалдылыққа ие болады деген үмітіміз бар екендігін айта кетейік. Біздің команда мерекеге белсенді қатысуға шақырады!

Ұйымдастырушылары- «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы». Іс-шара Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Астана қаласы әкімдігі «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басақрмасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы»КММ, Ресей Федерациясы елшілігі,Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігі, «Камаз-Казақстан» сауда үйі»ЖШС, «Камаз» сауда компаниясы» ЖШС.