+7 (7172) 26-63-47

3.0

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 12-ші минутында әріптесінен әуелетіп пас алған Роман Муртазаев допты баспен қақпаға дәл көздеп, есепті ашқан болатын. Арада 3 минут өткенде Серікжан Мужиков қарсыластарын қапы қалдырып, есепті 2:0-ге жетті.Ойындағы үшінші голды 90 минутта жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өз еншісіне жазды. Оның алыстан қия тепкен добын Әзірбайжан құрамасының қақпашысы қайтара алмады.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 6 қыркүйек күні Ұлттар лигасы аясында Грузияға қарсы өткізеді. Сондай-ақ топта Латвия мен Андорра құрамаларына қарсы ойнайды.

Подробнее:http://www.kff.kz/news/view/1528225391-kazakstan-kuramasy-joldastyk-kezdesude-azirbayjan-futbolshylaryn-jendi