+7 (7172) 26-63-47

Сенбі күні, 18 тамызда, сағат 10:00-17:00 аралығында «Барыс» спорт кешенінде (Мұңайтпасов к-сі, 9, «Қазақстан» СК жанында) ашық есік күні өтеді.
Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы @madeniet_sport.astana барлық елорда тұрғындарын Ашық есік күні шарасына шақырады. Мұнда Астананың спорт мектептеріне балаларды қабылдау шарттары, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпараттар беріледі.
Астана қаласы әкімдігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және спорт түрлерінің толық тізімі www.madeniet-sport-astana.kz сайтында орналасқан

Елорданың олимпиадалық резервтегі мектептеріндегі мемлекеттік спорттық секцияларға қабылдау жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі. Қазіргі кезде Астанада кішкентай астаналықтар үшін 12 мекеме жұмыс істейді, онда 60-тан аса спорт түрінен спортшылар дайындалады. Сонымен қатар, 17 спорт түрінен мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. ❗Аталған мектептерде балалар ақысыз негізде оқытылатынын хабарлаймыз!