+7 (7172) 26-63-47

Бүгін  елордадағы «Орталық саябақта» Нұр-Сұлтан қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында жыл сайынғы Универсиада жарысының жабылу салтанаты мен жалпы командалық марапаттау рәсімі өтті.

Естерінізге салсақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің спорттық кешенінде жыл сайынғы Универсиаданың салтанатты ашылуы шарасы өткен болатын. Биылғы Универсиада жарысы ерлер және қыздар арасында өтетін волейбол ойнымен ашылды.

Елорда аясындағы Универсиада биыл, 29 рет өткізілді. Жарысқа Нұр-Сұлтан қаласының 13 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Жалпы 2020 жылға жарыс бағдарламасы бойынша  16 спорт түрінен жарыстар жоспарланған болатын. Елімізде қалыптасқан пандемияға байланысты, аталмыш іс-шарамыз 10 спорт түрінен өтті.  Олар; волейбол (ерлер және қыздар), тоғызқұмалақ, шахмат, шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, асық ату, шорт-трек, шағын футбол (қыздар) және үстел теннисі.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 269 ұпаймен 1 орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті иеленсе, 2 орында 214 ұпай санымен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, ал  212 ұпаймен 3 орынға  Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық сауда университеті жайғасты.