+7 (7172) 26-63-47

Ақпан айының 12 мен 13 жұлдыздары аралығында жаңа салынған "QAZAQSTAN" жеңіл атлетика кешенінде "Nur-Sultan Open 2021" ашық қала Чемпионаты өтеді. Бұл жарыс жаңа кешен қабырғасындағы алғашқы спорттық іс-шара болмақ. Чемпионатқа еліміздің әр аймағынан 100-ден астам спортшы қатысады.

Еске сала кетейік, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылған, барлық халықаралық талаптарға сай және World Atletics сертификатына ие болып табылады.