+7 (7172) 26-63-47

Құрметті Елорда тұрғындары мен қала қонақтары! Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қысқы «Бұрқасын – 2021»  фестиваліне шақырады. Аталмыш іс -шара жыл сайынғы қысқы фестивалі бағдарламасы аясында спорттың 8 түрінен өтеді: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт. мотоспорт және қысқы футбол секілді жарыстар бойынша өтеді.

Жарысқа қатысуға денсаулығы жарамды барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Шаңғы жарысына тіркелу 20-26 ақпан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, WhatsАpp желісі бойынша Online режимінде жүргізіледі. Өтінімдер +7 (707) 913 91 38 нөмірі бойынша қабылданады.

Шаңғы жарысының қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша сөреден 30 минут бұрын беріледі.

Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сіздерді және Сіздердің жақындарыңызды «Бұрқасын – 2021» қысқы ең жарқын спорт фестиваліне белсенді қатысуға, бізбен сергектік пен жақсы көңіл-күй қуатын алуға шақырамыз!  Барлықтарыңызды күтеміз!

Өткізілу уақыты: 2021 жылдың 28 ақпан күні, басталуы сағат 11:00 де.

Өткізілу орны: Нұр-Сұлтан қаласы. Есіл өзені, Амфитеатр жаныңда