+7 (7172) 26-63-47

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Алматы» ауданында орналасқан Триатлон саябағында Ailand Family Run алғашқы отбасылық жарысы өтті.

Қатысушылар 2.5 шақырымға жүгіріп, iPhone 15, планшет және ноутбук сияқты бағалы сыйлықтар ұтысына қатысты.

«Алматы» ауданы әкім аппаратының қолдауымен ұйымдастырылып отырған Ailand Family Run жарысының қонақтары түрлі байқаулар және ұтыстарға қатысып, аниматорлардың қойылымын тамашалады.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.