+7 (7172) 26-63-47

sabantoy

7 шілде 11.00 қалалық әкімдік алаңында еңбекті, денсаулықты,күш пен иекмділікті насихаттайтын  «Сабантой» атты татар-башқұрт меркесіне арналған жаппай серуендеу шарасы. Бұл күні қалалықтарды мәдени бағдарлама, ұлттық спорт түрлерінен жарыс,сонымен қатар сыйлықтар мен жүлделер болады. Татарстаннан шақырылған әртістер мен елордалық би ұжымдарының концерті қойылады. Спорт ойындарын Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ ұсынады, белбеу күресі,қол күресі, асық ату мен арқан тарту жарыстары өтеді. «Сабантойды» тойлау аясында «Көрәш»белбеу күресінен Астана қаласының Чемпионаты өткізіледі. Сіздер нағыз батырлардың жарысына куә бола аласыздар!Ұйымдастырушылар балаларға да арнап түрлі көңілді конкурстар мен жарыстар дайындауда. Белсенді қатысушыларды сыйлықтар мен жүлделер күтуде!

Ұлттық мереке ұлттық тағамдарсыз өтпейтіндіктен келушілерге тегін тағамдар ұсынылады!

Осы аталған спорт түрлері халық арасында танымалдылыққа ие болады деген үмітіміз бар екендігін айта кетейік. Біздің команда мерекеге белсенді қатысуға шақырады!

Ұйымдастырушылары- «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы». Іс-шара Қазақстан Халықтары Ассамблеясы, Астана қаласы әкімдігі «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басақрмасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы»КММ, Ресей Федерациясы елшілігі,Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілеттілігі, «Камаз-Казақстан» сауда үйі»ЖШС, «Камаз» сауда компаниясы» ЖШС.