+7 (7172) 26-63-47

20172904

29 сәуір күні № 24 орта мектебінде асық ату мен бес асықтан «Шуақты көктем 2017» атты турнир өтеді. Жарысқа 16 жастан үлкен қыздар мен ер балалар қатыса алады. Команда құрамына асық ату бойынша үш ер бала, ал бес асық бойынща  үш қыз бала кіреді. Үздік ойыншылар «Көз мерген»,  «Қол мерген»,  «Сұр мерген»,  «Шебер ойыншы»,  «Епті ойыншы» және  «Алғыр ойыншы» номинациялары бойынша марапатталады.

Ұйымдастырушылары «Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ және «Жігер» спорт клубы. 

asik atu 3