+7 (7172) 26-63-47

footballsite

1 шілде күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда Астана күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтеді. Жарысқа Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлері қатысады. Бұл күні жарысқа ер адамдар және әйел адамдар қатысады. Әйелдерге 60 м қашықтықты жүгіріп өту керек. Ер адамдар шағын футбол ойнайды. Жарыс ережесіне сәйкес кездесу айналымдық жүйе бойынша өтеді.

Эстафетаға 5 команда қатысады: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің орталық аппараты, Астана қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасы, Аймақтық көлік басқармасы,Әскери басқарма, Соттылықты жою орталығы.