+7 (7172) 26-63-47

parkiprew«Есірткісіз қала,спорттық жаз» науқаны аясында қаламыздың 9 саябағында әр апта сайын ашық аспан астында спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. 8 және 9 шілде күндері барлық тілек білдірушілерді 18.00-20.00 уақыт аралығында «Арай», «Студенттік», «Астаналық», «Ататүрік», «Ғашықтар саябағы», «Президенттік», «Отан қорғаушылар саябағы», «Жерұйық» және Есіл өзені бойында орналасқан саябақтарға шақырамыз. Алдағы демалыс күндері арқан тартыс, дартс, гір тасын көтеру спорты,қол күресі,стритбол және қақпаға доп соғу ойындары өткізіледі деп жоспарлануда. Жеңімпаздар сыйлықтар мен жүлделерге ие болады!