+7 (7172) 26-63-47

kubki

«Астана Кубогы» аясында 7 және 8 шілде күндері мемлекеттік қызметкерлер арасында Қала күніне арналған шағын футбол мен волейболдан жарыстар өтеді.

Волейбол кездесуі 7 шілде күні «Алау» мұз сарайында өтеді. Жарыстың басталуы 9:00. Матч Олимпиадалық жүйе бойынша өткізіледі, әр командада 6 адам : 4 ер адам және 2 әйел адам.

Шағын футбол жарысы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда 8 шілде күні өтеді. Жарыстың басталуы 9.00. Кездесу Олимпиадалық жүйе бойынша өтіп ,алаңға 4+1 құрамдағы командалар шығады. 1,2 және 3 орын алған жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және командалық кубоктармен марапатталады. Шағын футболдан берілетін номинациялар: «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» «Үздік қорғаушы»,»Үздік қақпашы». Волейболдың үздік ойыншылары «Үздік шабуылдаушы», «Үздік допты ойынға қосушы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік үлестіруші» номинацияларына ие болады.