+7 (7172) 26-63-47

Құрметті достар, елордада Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары арасында шаңғы жарысы басталады. ONLINE жүгіру жарысы 20 желтоқсанда Астаналық саябақта, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ашық ауада жеке жағдайларда өтеді. Жарысқа қатысушылар жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсына отырып, алдын ала тіркеуден өтуі тиіс.

Өткізу шарттары:
1. Қатысушыларды міндетті түрде алдын ала тіркеу.
2. Тіркелгеннен кейін қатысушы бастапқы уақыт туралы ақпарат алады.
3. Қатысушылар үшін сөре (старт) бөлек, әр 15 секундтан кейін беріледі.
20 желтоқсан
Келесі жас тобына қатысушылар үшін Старт
10: 00 сағ.Жасөспірім ұлдар 9-11 сынып, қашықтық 2 км
11: 30 сағ. Қыздар 9-11 сынып, қашықтық 2 км
14: 00 сағ. Қыздар 7-8 сынып, қашықтық 1 км
11: 30 сағ. Ұлдар 7-8 сынып, қашықтық 1 км
Марапаттау:
Шаңғы жарысы бойынша Online жарыс жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ атынан дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.