Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Сарыарқа» ауданында орналасқан «Үміт» дағдарыс орталығы» тәрбиеленуші балалары арасында «Көңілді старт» жарысы өткізілді.
Іс-шараға барлығы 3 команда қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 30, көрермендердің саны 20-ға жуық болды. Жеңімпаздар дипломдармен, сондай-ақ ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапатталды.
Жарыстың қорытындысы:
І орын – «Жеңіс» командасы
ІІ орын –«Үміт» командасы
ІІІ орын –«Батырлар» командасы
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ
Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/
{gallery}news/2018/06/01-2{/gallery}