+7 (7172) 26-63-47

Құрметт достар! Ертең «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде «Nur-Sultan Open 2021» ашық Чемпионаты өтеді. Жарыс екі күн бойы, яғни 12-13 ақпан аралығында кіші және үлкен жасөспірімдер арасында өтпек.

Елорда өз төрінде әр өңірлерден келген 100-ден астам спортшы ұл-қыздарды қабылдамақ.

Жарыс форматы жеке-командалық. Турнирге 2006-2007 жж.және 2004-2005 жж. ұлдар мен қыздар қатысады.

Еске сала кетейік, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылған, барлық халықаралық талаптарға сай және World Atletics сертификатына ие болып табылады.

Жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық Чемпионатына   қолдау көрсеткен, спортты қолдау бойынша Қазақстандағы №1 «ASU» су компаниясына алғыс білдіреміз!