Өткізілу уақыты: 2019 жылдың 2 наурыз күні, басталуы сағат. 10:00 – де.
Өткізілу орны: Астана қаласы, «Жасыл аймақ» вело тас жолы
Құрметті БАҚ өкілдері, 2 наурыз күні Астанада "Жасыл аймақ" вело тас жолында Алғыс айту күніне орай "Шаңғы жарысы" өтеді. Аталған іс-шараға елорда тұрғындары қатысады.
Жарыс жолы 2,5 шақырым.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту; Астана қаласында бұқаралық спортты насихаттау; Қазақстан Республикасы Президентінің «2019 жыл - Жастар жылы» бағдарламасын жүзеге асыру.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі, «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, "Astana "ӘКК», «Астана орманы» ЖШС.