Астана – 6 қазан сағ 10.00-де «Столичный» саябағында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесе ауыр науқаспен күресіп жатқан отандық белгілі журналист Галина Полеваяны қолдау мақсатында жеңіл атлетикалық жүгіру (2,5 км. (ерлер), әйелдер (1,5 км) қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Бүгінгі таңда Галинаға құны аса қымбат тұратын, шетелде жасалуы тиіс ота қажет. Шетелдік емхана аталған отаны 290 мың долларға бағалап отыр. Оның отбасы үшін аталған сома өте үлкен. Барлық тұрғындар мен қала қонақтарын, БАҚ өкілдерін аталған шараға белсене ат салысуларын сұраймыз. Жиналған қаражат оны отбасына табысталады.
...
- Подробности