+7 (7172) 26-63-47

25 шілде күні «ZOOM» бағдарламасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында турникке тартылу бойынша онлайн жарысы өтті.

Жарыс 4 жас категориясында өткізілді: 16-18 жас( жасөспірімдер), 19-23 жас (ерлер, әйелдер), 24-40 жас (ерлер, әйелдер), 40 жастан жоғары ардагерлер (ерлер, әйелдер).

Аталмыш жарысқа 40 жуық қатысушы қатысты.

Әр категориядан 3 жеңімпаз анықталды.

Үй жағдайында өткен Online-жарыстың I, II және III орын иеленген жеңімпаздарды дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен осы аптада марапаттайтын боламыз.

IMG 20200725 WA0054IMG 20200725 WA0060