Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық – бұқаралық іс – шараларды өткізу дирекциясының мекеме қызметкерлері арасында Zoom бағдарламасы бойынша онлайн түрде, діни экстремизмнің алдын-алу бойынша дәріс өтті. Жиынға басшының міндетін атқарушы, басшының орынбасары, бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласының дін проблемаларын зерттеу ор орталығы директорының орынбасары, теолог Сулейменов Жандаулет Утарбайұлы ең алдымен, деструктивті немесе радикалды діни топтардың қандай адамдарды өздеріне қаратуға күш салатынын айтып өтті. Нақтылай келгенде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спортқа қатысты мекеме болғандықтан да, осы салада, спортшылар арасында, жаттықтырушылар арасында экстремизм қай жүйемен тарайтынын айтып өтті. Спортшылардың күшін пайдалану, жаттықтырушылардың тәрбиеленушілерге көрсететін әсері, дінге жат әдістермен мәселелерді шешу,қате түсінікке беріліп, өзге дін өкілдеріне күш көрсету,бүтін бір мемлекетті жоюға жеткізетін экстремизм жүйесі және исламофобияның таралуы жайлы айтылды. Экстремизм өкілдері қазір ғаламтор арқылы адамдарды аулауда. Және қандай да бір сұрақ немесе көмек керек болса, міндетті түрде қол ұшын созатынын білдірді.
Бөлім бастығы, дінтану магистры Антипин Александр Юрьевич әлеуметтік желідегі парақшалардың мазмұнына мән беру керек екендігін баса түсіндірді. Парақшаға қойылған лүпіл немесе комментарий үшін, суреттер мен аудиоларды таратқаныңыз үшін заң жүзінде жауап беруге тура келуі мүмкін. Тексерілген және дұрыс сайттардың ғана ақпаратын пайдаланған дұрыс. Кейбір сайттардың қаржыландыруы экстремистік ұйымдардан болып табылады. Тіпті, еш күдіксіз бейнематериал мен суреттер немесе, сол парақшаға жазылған болсаңыз,қауіпті болуы мүмкін. Сілтемелер арқылы автоматты түрде экстремистік бағыттағы парақшаларға түсіп кету қаупі зор. Тыйым салынған материалдарды білместікпен тарату да заңмен қудаланады, әлеуметтік желі пайдаланушыларын абай болуға,ақпаратты тексеруге шақырды,тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.