Бүгін салауатты өмір салтын насихаттау барысында
2018 жылға арналған «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ қызметкерлері және басқармаға бағынысты барлық еңбек қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жазғы спорт түрлері бойынша жүзуден сынақ тапсырды. Президенттік деңгей 18-70 жас аралығында болды. Барлық қатысушылар дайындықтарын жақсы көрсетті.
Аталмыш жарыстың мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстанның аймақтары мен спорт клубтарында Президенттік тестілеуді дамыту және дәріптеу болып табылады. Жарыс мықтыны анықтау мен салауатты өмір салтын насихаттау және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
Спорттық шараның нәтижесі кешенді тестілеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін жарияланады. Президенттік сынақты тапсырған адамға арнайы төсбелгі табыс етілмек.
Шараны ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ.
Астанамыздың спорттық өмірі жайлы біздің сайттан оқи аласыздар http://elordasport.kz/
#Астанаспортивная#Астана#АсетИсекешев #Казахстан#astana_akimat #президентскийтест