Алдағы демалыс күндері Индонезияда VIII Жазғы Азия ойындары басталады. Аймақтағы ірі спорттық шараның ашылу салтанаты 18 тамызда Джакарта қаласында өтеді.
Жазғы Азия ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының сапында астаналық 53 спортшы 20 спорт түрінен күш сынасатын болады, оның ішінде 8 қатысушы 4 спорт түрі бойынша Паразиялық ойындарда бәсекеге түседі.
Елордалық спортшылар келесі дициплиналар бойынша жарысады:
1. Белбеумен күрес –Дүйсембаева Ботагөз, Дүйсембаева Ұлжан, Құлманбетов Айдос;
2. Грек-рим күресі –Құстыбаев Азамат, Кебіспаев Алмат;
3. Әйелдер күресі –Эшимова Жұлдыз, Исламова Валентина;
4. Самбо –Зекенов Әлібек;
5. Дзюдо –Науатбек Ақмарал;
6. Байдаркамен және каноэмен есу –Ананченко Зоя, Егеубаева Дайана, Токарницкий Сергей;
7. Академичлық есу –Опачанова Александра;
8. Жүзу – Мусин Әдлбек;
9. Синхронды жүзу –Русанова Дженифер, Тыныбаева Кристина, Талғатова Дания, Коноваленко Рената, Дектярева Яна, Абдулина Карина;
10. Көркемдік гимнастика – Тілекенова Адиля;
11. Жеңі атлетика –Каспер Александр;
12. Оқпен ату –Вохмянин Сергей, Клейменов Алексей, Комендра Юлия;
13. Әйелдер боксы – Сұлтанқызы Сания, Волосенко Римма;
14. Велоспорт –Искакова Амилия;
15. Таеквондо – Тулепбергенова Маржан;
16. Стендтік ату –Могилевский Андрей;
17. Қазіргі заманғы бессайыс –Ильяшенко Павел, Потапенко Елена, Сухарев Владислав;
18. Құзға шығу –Маймуратов Амир, Марленова Асель;
19. Баскетбол –Иванова О., Багмет О., Ягодкина Т., Астапенко М., Куразова З., Винокурова А., Кондракова Н., Арзамасцева А., Байболекова М., Ерғалиев Р.
Елордада 2-13 қазан аралығында Индонезияда Джакартадамүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындаПаралимпиадалықАзия ойындары өтеді. Астанада дене кемшіліктері бар атлеттер Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубында кәсіби спортпен айналысады. Биыл беделді халықаралық жарыста 4 спорт түрі бойынша 8 спортшы Қазақстанның намысын қорғайды:
1. Жеңіл атлетика –Болат Бейбарыс, Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт (тірек-қимыл аппаратының бұзылуы);
2. Жүзу – Далиев Сиязбек (Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт), Сүтбаева Диана (көру), Уақпаев Әлібек (көру), Ли Надежда (көру);
3. Пауэрлифтинг – Әуезова Мария (Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт);
4. Дзюдо – Арыстанбеков Бауыржан (көру), Шамей Ерғали (көру).
Жалпы, Азия ойындарына Азия құрлығының 45 мемлекетінен 9 мыңнан аса спортшы қатысады. Дүбірлі дода 42 спорт түрінен өтеді, 476 медаль сарапқа салынады.